Қылмыс

10 млн теңге тұратын автокөлікті пара ретінде алған шенеунік тергеліп жатыр

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қостанай облысында Рудный қалалық құрылыс бөлімінің экс-басшысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанда 10 млн теңге тұратын автокөлікті пара ретінде алған. Бұдан басқа, Рудный қаласында аттракционның құрылысына бөлінген 160 млн теңгені жымқыру фактілері белгілі болды.

 

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №1 департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мәлім етті.

 

Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Рудный қаласында газдандыру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін пара ретінде құны 10 млн теңгеден астам Nissan Qashqai маркалы жаңа автокөлігін алған. Сонымен қатар, Рудный қаласында аттракцион (шолу дөңгелегі) құрылысына бөлінген 160 млн теңгеден астам бюджеттік ақшалай қаражатты жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде, - дейді Данияр Бегайдаров.

 

Оның айтуынша, бұл фактілерден басқа "Ауыл-ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Зеренді ауылындағы жолдарды жөндеу бойынша шарт негізінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюы үшін 4 мың литр (құны 588 мың теңге тұратын) АИ – 92 маркалы жанар-жағар май талоны түрінде пара алумен күдіктелуде. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Агенттікте өткен баспасөз брифингінде департаменттің аға тергеушісі Шығыс Қазақстан облысында жемқорлықпен ұсталған энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы А. Арсламбаевқа және "Тұрғын үй-пайдалану басқармасы" ЖШС бұрынғы директоры А. Әубәкіроваға қатысты қылмыстық іс бойынша өндірісті аяқтағанын жеткізді.

 

Олар "Өскемен қаласының Самар тасжолы, Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарының құрылысы және Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бөлінген 70 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенді. Сот үкімімен Арсламбаев 4 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, Әубәкірова 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын 14 жасқа толғанға дейін ұзартумен сотталды, - деп хабарлады спикер.

 

Айта кетейік, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

Вaq.kz




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31