Қылмыс

15 жастағы қызды зорлаған полицейге үкім шықты

  • https://www.rbc.ua/

    https://www.rbc.ua/

Балқашта кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін полицейге үкім шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қарағанды облысының МАҚС баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған дәлелдер полиция қызметкері 2020 жылы 5 шілдеде пәтерде 15 жастағы қызды зорлағанын көрсеткен.

 

"Сотта ер адам кінәсін мойындамады, ол жәбірленушінің анасымен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Алайда оның сөзі толығымен теріске шықты, мұны зерттеулер дәлелдейді. Қыздың анасы онымен жыныстық қатынасқа түспегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, төсектен алынған тін фрагментіне молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші мен ер адамның ДНҚ-сы табылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Прокурор ер адамды ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп тануды және оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

 

Нәтижесінде сот үкімімен полицей кінәлі деп танылып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 14 жылға сотталды.

 

"Сондай-ақ, ол полиция сержанты шенінен айырылды. Сот жәбірленушіге 5 000 000 теңге моральдық зиян өндіріп берді", - делінген хабарламада.

 

Сот тиісті сараптама қорытындысы бойынша, химиялық кастрация тағайындамауды ұйғарғаны белгілі. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Еске салайық, 2020 жылдың жазында Балқашта полицей жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінген болатын. Бұл туралы "НемолчиKZ" қорының өкілдері хабарлаған.

 

 

 

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30