Қылмыс

Astana LRT ісі: Экс-депутаттан басқа сотталушылар аштық жариялады

  • ©Almaty.tv

    ©Almaty.tv

Astana LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр. Барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр.

 

Аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен.

 

Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты.

 

Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері "НурТрейд" серіктестігінің директоры болған.

 

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған.

 

Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр.

 

Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты.

 

Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

 

Ақтоты Бекенова, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы:

 

- Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-сСлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады.

 

 

 

ktk.kz

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 09:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30