Қылмыс

Cегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған ер адам анықталды

  • Cегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған ер адам анықталды

    Cегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған ер адам анықталды

Испанияның ұлттық полициясы сегіз жыл бойы қыздары мен жиендерін тұтқында ұстаған йемендік ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесумен айналысатын үкіметтік емес ұйымның өкілі полицияға ер адамның үстінен шағым түсірді. Ол көмек көрсететін отбасылардың бірінде төрт қыздың ер адамның ықпалында өмір сүретінін айтқан.

 
Тергеу барысында ер адам Йеменнен 2014 жылы екі қызы мен екі жиенін алып кеткен. Бұл ретте әпкесінен ешқандай рұқсат алмаған. Содан бері олар Малайзия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Эквадор, Колумбия, Түркияда тұрған.  2020 жылдың наурызында Испанияның Мурсия қаласына көшіп келген. Қыздарының бірі және бір жиені кәмелет жасына толмаған.

Пәтерді тексеру кезінде азық-түлік ер адамның бөлмесінде екені, ол оны өз қалауы бойынша таратқаны анықталды. Қыздардың бәрі әбіржіген күйде еді. Пәтердегі жағдай өте нашар болды – терезелері жапсырылған, матрацтар санитария талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ, тінту кезінде пәтерде қолма-қол ақша табылды (5 мың евро және 2,5 мың американдық доллар).

Қыздар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен ер адамның көз алдында сөйлескені белгілі болды. Олар тіпті аналарының нақты қайда екенін де білмейді.

Испания билігі ер адамның жиендерінің анасымен байланысқа шықты. Әйел сегіз жылдан бері қыздарынан хабар ала алмағанын айтты.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сенбі, 06.11.2021, 18:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31