Қылмыс

АҚШ-та Әблязовтың басты сыбайласы ұсталды

  • © sq.com.ua

    © sq.com.ua

Қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың басты сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz eureporter.co-ға сілтеме жасап.

Басылым Вашингтон қаласы маңында жүрген кезінде тәртіп сақшылары оның ізіне түскенін хабарлайды.

"БТА банктің қаражатын жымқырды" деп айыпталған Мұхтар Әблязов бұл ретте бір топ серіктестері мен сыбайластарының көмегіне жүгінген. Солардың бірі Александр Удовенко болған еді.

"Ол Eastbridge Capital компаниясының директоры болған және 2009 жылы жоғалып кеткенге дейін Әблязовтың жанында үнемі жүрген ең жақын серіктестерінің бірі. Болжам бойынша, ол заңсыз пайдаланылған банк қаражаттын оффшорлық компаниялардың есепшоттарына аударуды ұйымдастырған және кейбір холдингтік компаниялардың номиналды "бенефициарлық меншік иесі" болған", - делінеді банк хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, Удовенко сотта өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, өзін "саяси науқанның" құрбаны екенін мәлімдеген.

 




Көрілген: 168    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31