Қылмыс

Ақшаны алаңсыз жаратқан: ақмолдық медбикенің өтірігі әшкере болды

  • Ақшаны алаңсыз жаратқан: ақмолдық медбикенің өтірігі әшкере болды

    Ақшаны алаңсыз жаратқан: ақмолдық медбикенің өтірігі әшкере болды

Ақмолдық 26 жастағы медбике полицейлерге белгісіз біреу сейфтен қомақты қаржыны қолды еткенін айтқан

Ақмола облысында аурухана медбикесінің сейфтен миллион теңге ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуір күні Целиноград ауданының полиция бөліміне жекеменшік медициналық мекеменің сейфінен 1 миллион теңгенің қолды болғаны туралы хабарлама түсті.

26 жастағы Ақмол ауылының тұрғыны полицейлерге 7-26 сәуір аралығында белгісіз біреу сейфтің кілттерін сәйкестендіру арқылы қомақты қаржыны ұрлағанын айтқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған ақшаның бәрін арыз берушінің өзі алғанын анықтады.

"Ол денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысына кетіп, ақшаны алаңсыз жаратқан. Жұмысқа оралған соң өз әрекетін жасыру мақсатында полицияға сейфтің есігі ашық тұрғанын және миллион теңгенің жоғалғанын мәлімдеген", – делінген хабарламада.

Медбике өзінің кінәсін мойындады.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша (қасақана жалған шағым беру) күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

sputnik.kz




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 09:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30