Қылмыс

Ақтауда караокені тексеріс төбелеспен аяқталды

  • Ақтауда караокені тексеріс төбелеспен аяқталды

    Ақтауда караокені тексеріс төбелеспен аяқталды

Ақтауда карантин шектеулерін бұзған караоке-бардың иесі операторға шабуыл жасады. Ол мекемені видеоға түсіріп жүрген. Оқиға қаладағы түнгі мекемелерді тексеру кезінде болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Зардап шеккен оператор шабуыл жасалған сәтті видеоға түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, ер адам артынан шабуыл жасап, қымбат техникасын тартып алып, сындырған.

"Ол шынтағымен бетімнен ұрып, бейнекамераны тартып алды. Екі сағаттан кейін топ құрамында болған учаскелік инспектор қосымша топ шақырды. Бейнекамераны сол кезде қайтарды", - деді видеоға түсіруші Абай Жанысбаев. 
 
Караоке-бар өкілінің айтуынша, тексеру кезінде олардың біреуі пердені сындырған, ал шабуыл туралы әсірелеп айтқан. Ер адам камерасы бар оператор мониторингтік топ мүшесі екенін білмеген.

"Оның камерасын алып, барға қойдым. Ешкімді ұру, соғу болған жоқ. Жай түсіндіруге болса, ұрудың не керегі бар... жала жапты", - дейді мекеме өкілі Қамбар Жариев.


Карантин режимін бұзғаны үшін караоке-барға айыппұл салынбады. Бірақ операторға қатысты іс сотта қаралады.

"Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31