Қылмыс

Ақтөбе адам ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Күдіктілер қала тұрғынын көлікке мінгізіп алып, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде қорқытып, 1 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 28 жастағы қала тұрғыны арыз түсірген. Арызда ол өзін ұрлап, белгісіз адамдардың ақша талап еткенін жазды.

 

«Жәбірленуші көрсеткен мекенжайда үш ер адам мен бір әйел адам ұсталды. Күдіктілерден ОСА травматикалық тапаншасы, «Мерседес» көлігінен пышақ пен травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала белгілі болғаны, жәбірленуші інісімен қаланың ескі бөлігінде жүрген. Сол кезде белгісіз біреулер екі көлікпен келіп, тапанша тақап, машинаға отырғызып, жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап етеді. Таң ата бәрі ұйқыға кеткенде жәбірленуші үшінші қабаттағы балкон арқылы секіріп, қашқан. Бірден облыстық полиция департаментіне келіп, мән-жайды айтып берді» деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Айта кетейік, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Үш ер адам ұсталып, қамалды.


 




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31