Қылмыс

Ақтөбеде 18 жастағы чемпионды өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Серік Сәдуовке қатысты істің үкімі шықты. Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Сотталушы Серік Сәдуовке қатысты Қылмыстық кодекстің "Атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және алып жүру", "Адам өлтіруге оқталу", "Бұзақылық ниетпен адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылып, қылмыстық істі қарады.

 

"Сот Серік Сәдуовтің екі оқ-дәрісі бар 16 калибрлі "ИЖ-К" шолақ мылтықты заңсыз иемденгенін, сақтағанын, тасымалдағанын және алып жүргенін анықтады. 2021 жылдың 4 ақпанында Серік Сәдуов шолақмылтықпен жәбірленуші Ж-ны атқан. Ол қашып құтылды, тірі қалды. Сол күні Сәдуов жәбірленуші Х-ның ішіне оқ атып, ол сол жерде қаза тапты. Сәдуовтің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Прокурор Сәдуовті 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сәдуов қылмысты мас күйінде жасаған. Ол жазаны ауырлататын айғақ. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Серік Сәдуов 22 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

 

Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Еске салсақ, биыл 4 ақпанда бір топ жас бір қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінен үй жалдайды. Іс-шара барысында жастар арасында жанжал болып, атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлімі болды. Нәтижесінде 18 жастағы каратэден Азия чемпионы Дәулет Хайролла өлген еді.

 

 




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30