Қылмыс

Ақтөбеде алаяқтар 500-ден астам адамды алданып кеткен

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 528 алаяқтық іс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақтөбеліктер жиі алданып қалады. Биыл 500-ден астам алаяқтық іс тіркелсе, оның 215-і интернет арқылы қызмет көрсету саласына тиесілі. Яғни, тіркелген қылмыстың 40 пайыздан астамы виртуалды жасалды.


Жылжымайтын мүлік саласында 109, жұмысқа орналастыру және оқыту саласында 85 қылмыс тіркелді.


"Алаяқтар интернет ресурстарын пайдаланып, жылжымайтын мүлікті сату туралы жалған хабарлама береді. Мүліктің бағасы нарықтағы құнынан айтарлықтай төмен болады. Олар сіздің төлем қабілеттілігіңізді көрсетуді сұрайды және сізге жақын туысыңыздың немесе танысыңыздың атына Весторн Юнион, Алтын Тәж, Маниграм сияқты жылдам аударымдар жүйесімен ақша аударуды және оған түбіртектің суретін жіберуді сұрайды. Уақыт өткеннен кейін хабарласқан адам байланысқа шығуды тоқтатады және ақшаны басқа адамға аударады," - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Полицияның хабарлауынша, алаяқтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында оңай жолмен пәтер алып беруге уәде етіп, алдайды. Жұмысқа орналастыру үшін де алдап, ақша алатындап көп.


"Өткен жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Темір ауданының тұрғыны "мұнай-газ секторындағы жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын" деп Темір ауданының 15 тұрғынын және көршілес Атырау облысының 15 тұрғынын алдаған. Ол әр адамнан 30 000 - 40 000 теңге көлемінде ақша алған. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің мемлекеттік органдардың бірінде жұмыс істейтінін айтып, арнайы бағдарламамен пәтер алуға көмектесетінін жеткізген. Сөйтіп 12 ақтөбеліктің ақшасын иемденді. Олар 1 миллионнан 12 млн теңгеге дейін ақша берген", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 22:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31