Қылмыс

Ақтөбеде банкоматтан жарты миллион теңгеден астам ақша ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталды

  • Ақтөбеде банкоматтан жарты миллион теңгеден астам ақша ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталды

    Ақтөбеде банкоматтан жарты миллион теңгеден астам ақша ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталды

Ақтөбеде банкоматтан жарты миллион теңгеден астам ақша ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталды. Күдікті полиция қызметкерлерінен қашып бара жатып оларға ұрланған ақшаларды лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні орын алған. Ақтөбенің Құрмыш ауданында кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшыларына компания күзетшілері хабарласып, қара киім киіп, маска таққан күдікті жігітті байқап қалғандарын жеткізді деп жазды "Мой город".

 

Патрульдік экипаж ақпаратты тексеруге шешім қабылдап, аталған ауданда қызмет етіп жүрген әріптестерімен байланысып, жақын маңдағы бірнеше көшені жауып тастады.

 

Сондай-ақ олар куәгерлермен сөйлесіп, автокөліктерді тексерді. Сол уақытта кезекші бөлімге жергілікті дүкеннен хабар келіп түскен.

 

Күдіктіні ұстауға екі сағат уақыт кетті. Ол сол аудандағы аулалардың бірінде қолға түсті.

 

Тәртіп сақшыларын көрген бойда жігіт қаша жөнелді. Полицейлер оның ізіне түскен. Күдікті қашып бара жатып, сөмкесіндегі ақшаларды құқық қорғаушыларға лақтыра бастаған.

 

Ақыры полиция қызметкерлерінің бірі күдіктіні қуып жетіп, тұтқындады.

 

Анықталғандай, ол дүкендегі банкоматты бұзып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары жол-жөнекей шашылған ақшаларды жинап алды. Жалпы, ұрланған қаражат сомасы 550 мың теңгеден асады. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Алматы облысында ер азамат бұрынғы сүйіктісін терезе арқылы алып қашып кеткен

 

Күдікті кінәсін мойындап отыр. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

 

 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 22:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30