Қылмыс

Ақтөбеде ер адам туысының баласын зорлаған

  • © svp.expert

    © svp.expert

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлікте туысының баласын зорлады леп айыпталған ер адамға үкім шықты. Судья айыпталуышыны 15 жылға бас бостандығынан айырыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған.


Төрт баланың әкесі 50 жастағы ер азамат "Toyota Land Cruiser" көлігінде туысының жасөспірім баласына қинап, зорлық көрсеткен.


Айыпталушының бұрын істі болмағаны анықталды.


"ҚР ҚК-нің 121-бабы 4 бөлігімен айыпты деп танылған сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Қылмыс көліктің ішінде жасалғандықтан көлікті мемлекет пайдасына тәркілеуге үкім етті", - деді судья Алтынбек Сабыр.

Күдікті 2018 жылдың тамыз айынан бері қамауда отырған.


Айыпталушының әйелі апелляциялық шағым түсіретінін айтты.


Сотталушы ісін жабу үшін тергеу кезінде құзырлы мекеме өкілдеріне 1 миллион теңге сомасында пара ұсынған.


Сот төрағасы бұл жағдайдың прокуратураға бір тәулік ішінде хабарланбағанын айтты.


Осыған байланысты тергеу кезінде жіберілген кемшіліктерге орай сот жеке қаулы шығармақ. 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31