Қылмыс

Ақтөбеде төбелесте мерт болған оқушының ата-анасы әділдікті талап етті

  • https://www.gazeta.ru/

    https://www.gazeta.ru/

Ақтөбеде мектеп оқушылары арасындағы төбелесте пышақ жарақатынан қаза тапқан 15 жастағы Мадияр Исмағұловтың ата-анасы, кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп қауіптенеді.

Олар бүгін әділдік іздеп облыстық сотқа келді. Қанды оқиғадан кейін күдікті ретінде колледж студенті қамауға алынған еді. Тергеу барысында тағы бір күдікті бар екендігі анықталған.

Арман ИСМАҒҰЛОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

- Сол жерде болған балаларды сұрастыра келе тағы бір баланың аты аталды. Ол Диас. Тергеу екі ай бойы жүріп жатыр. Оны уақытша қамауға алды. Қазір судья санкция беруі тиіс. Біз сол соттың әділ болғанын қалаймыз. Кінәлі адам жазалануы тиіс. Ол жерде үш бала жарақат алды. Бір адамның бұл қылмысты жасауы мүмкін емес.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға өткен жылдың 10 қарашасында Ақтөбе қаласы Заречный-3 елді- мекеніндегі мектеп жаңында болды. Екі жаққа бөлініп төбелескен жиырма шақты жасөсірімнің үшеуі пышақ жарақатын алды. Ал 15 жастағы Мадияр болса, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Жасұлан ДӘУЛЕМБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бүгін сот қаулысымен тағы бір бала қамауға алынды. Ол тергеліп жатыр. Бұл тергеу амалдары біздің бақыламымызда, облыс прокурорының жеке бақылауында.

astanatv.kz

 




Көрілген: 217    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 10:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29