Қылмыс

Алматы облысында бір сағат ішінде кісі өлтіріп, көлік ұрлап, жол апатына түскен жігіт ұсталды

  • Алматы облысында бір сағат ішінде кісі өлтіріп, көлік ұрлап, жол апатына түскен жігіт ұсталды

    Алматы облысында бір сағат ішінде кісі өлтіріп, көлік ұрлап, жол апатына түскен жігіт ұсталды

Ұсталған жас жігіт бұған дейін де бұзақылығы үшін қылмыстық жазаға тартылған екен.

Алматы облысында көзіне пышақ сұғып, кісі өлтіріп, біреудің көлігіне мініп қашып, жол апатына ұшырап, өзі де шейіт бола жаздаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 21 маусымында шамамен сағат 19:03-те Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханаға Қарасай ауданы Абай ауылынан 30 жастағы азаматтың жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Оның сол жақ көзіне Қаскелең қаласының тұрғыны пышақ сұққан. Ауруханаға жеткенде оның мерт болғаны анықталды.

Оқиға орнына жеткен тергеу тобы Абай ауылының 44 жастағы тұрғынының үйінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын анықтады. Түскі уақытта жәбірленушінің танысы - үй иесі үш бөтелке арақ алып келген. Ішімдік ішу кезінде жәбірленуші мен жұмысшылардың арасында жанжал шығып, нәпақа табуға келген 22 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ер адамның көзіне асүй пышағын сұғып, есік алдында тұрған үй иесінің көлігіне мініп, қаша жөнелген. Қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1-тармағы, 200-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді облыстық ПД-ның ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Қашқан қылмыскерді іздеу үшін "Құрықтау" жоспары жарияланды. Рация арқылы хабар алған полиция подполковнигі М.К.Батақбаев пен аға полиция подполковнигі А.Ж. Амангелді Борт 200 патрульдік полиция көлігімен іздестіріліп жатқан көліктің ізіне түсті. Олар оны Алматы-Бішкек тас жолында байқаған. Жүргізуші полицияның тоқта деген талабын елемеді. Көп ұзамай Борт-190 және Борт-24 патрульдік көліктері көмекке келді. Полиция көліктерінің тықсыра қууымен қаскөй жолдың 36 шақырымындағы жөнделіп жаьқан тұсына еніп кетіп, рөлге ие бола алмай, аударылды, күдікті ұсталды.

Күдікті бұған дейін бұзақылық бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған, қазір ол қамауға алынды. Қылмыскерді ұстау үшін полиция қызметкерлері 30 минут уақыт жұмсады, - деп сөзін қорытындылады Ақбота Қуанышбекқызы.

 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 00:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30