Қылмыс

Алматы облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен «жеңгетайлар» ұсталды

  • Көрнекі сурет.   ©Вслух.ру

    Көрнекі сурет. ©Вслух.ру

Алматы облысында stop-трафик арнайы іс-шара барысында жеңіл жүрісті әйелдерге «жеңгетайлық» көмек көрсеткен екі азаматша ұсталды. Күдіктілерді полицейлер қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Заңсыз әрекетке барған Талдықорған қаласындағы қонақ үйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды.


«Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы тиісті мекемеге орналастырылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.


Өз кезегінде тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін жеткізді. Облыс тұрғындарын кез-келген дерек орын алған жағдайда полицияға хабар беруді сұрайды.


 




Көрілген: 1008    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31