Қылмыс

Алматы облысында туыстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

  • https://crimeapress.info/

    https://crimeapress.info/

Алматы облысының Талғар ауданында туыстар арасындағы түсінбеушілік адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 ақпан күні Талғар ауданының полиция бөліміне Тұздыбастау ауылындағы жанар-жағармай бекеті аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

 

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның 48 жастағы Байбұлақ ауылының тұрғыны екенін анықтаған.

 

«Зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні жедел анықтау шаралары барысында 29 жастағы жігіт ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды»,- деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиядин.

 

Тергеу барысында күдікті қылмыс жасағанын толығымен мойындаған. Оның қайтыс болған ер адамға жақын туыс екені анықталды. Көп уақытқа созылған туыстар арасындағы кикілжің осы қылмысқа әкеп соққан.

 

«Тергеу барысында 1992 жылы туған жігіттің неге қылмысқа барғаны анықталады. Туысымен сөзге келіспей қалған ол ашуға бой алдырып, қолындағы пышақпен дене жарақатын салғаны белгілі болды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,- деп толықтырды Жанболат Зиядин.

 

 




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 17:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30