Қылмыс

Алматы облысының әкімдік қызметкерлері ұсталған сәттің видеосы пайда болды

  • Видеодан алынған кадрлар

    Видеодан алынған кадрлар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Талғар ауданы әкімдік қызметкерлерінің пара алып жатақанда ұсталған сәтінің видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жариялады

 

Видео кадрларынан агенттік қызметкерлерінің Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратына, одан әрі аудан әкімі Серікжан Ерекешевтің кабинетіне қалай кіргенін көруге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері қосымша тағы бір үйде тінту жүргізді. Ондағы бөлмелердің бірінде ер адам мен қыз отырғаны көрінеді. Үстел үстінде жатқан көк папкадан бір миллион теңгеден аса сомадағы бірнеше 20 мың купюрасы салынған қағаз табылды.

 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері үйдің ауласында қалтасынан 20 мың купюраны алып жатқан тағы бір адамды ұстады. Сондай-ақ, Талғар ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларының кабинеттеріне тінту жүргізілген.

 

 

Ведомстводағылар пара алу кезінде шенеуніктерді ұстау облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өңірлік прокуратурасы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болғанын хабарлады.

 

Бұған дейін қала әкімі Серікжан Ерекешевке және оның қарамағындағы қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

 

 

 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30