Қылмыс

Алматы полицейлері көлік жарық шамының сынығы арқылы қылмыскерді ұстады

  • Алматы полицейлері көлік жарық шамының сынығы арқылы қылмыскерді ұстады

    Алматы полицейлері көлік жарық шамының сынығы арқылы қылмыскерді ұстады

Алматы облысының полициясы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі 00-30 мунут шамасында Боралдай ауылынан хабарлама түсіп, жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткенін және жедел жәрдем жеткенге дейін оның оқиға орнында қайтыс болғанын жеткізген. Қаза болған 52 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Белгісіз автокөлік оқиға орынан із суытқан, ал жол-көлік апатының куәгерлері жоқ.

"Оқиға орнын мұқият қарау барысында тәртіп сақшылары көліктің жарық шамының сынықтары мен бояу белгілерін тапқан. Сол бөлшектердің арқасында жол апатын жасаған көліктің түр-түсін анықтауға мүмкін болды. Ол жасыл түсті "Toyota Rav 4" көлігі болып шықты",- деп хабарлайды Алматы облысы ПД ЖПҚБ іздеу тобының аса маңызды істер бойынша аға инспекторы полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев.

Ол жан-жақты жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Бір жарым тәулік ішінде көлік апатына қатысы бар темір тұлпар табылып, 35 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Көлік арнайы тұраққа тоғытылды", - деп түйіндеді полиция подполковнигі.




Көрілген: 180    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 22:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31