Қылмыс

Алматы тұрғыны жоқ Toyota көліктерін сатқан

  • Алматы тұрғыны жоқ Toyota көліктерін сатқан

    Алматы тұрғыны жоқ Toyota көліктерін сатқан

Алматы тұрғыны жоқ Toyota көліктерін сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті 43 жастағы С.есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін «сатқан». Алаяқтық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ер адам бірнеше ұялы телефон қолданған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырды.

– Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды. Келіссөздер барысында алаяқ жәбірленушілерді клиент көп деп түсіндіріп, алдын ала төлем төлеуге асықтырды. Ақша аударған соң қаскөй телефонды өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта С. есімді азаматтың қатысуымен 15 алаяқтық фактісі анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.

24.kz




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 18:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31