Қылмыс

Алматыда алаяқ тұрғындарды 400 миллион теңгеге алдап кеткен

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы полициясы азаматтарды 400 миллион теңгеден астам соммаға алдап соққан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

1977 жылы туған Шығыс Қазақстан обласының тумасы Ш.есімді азамат 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жүріп «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, сондай-ақ жер учаскелері мен қамауға алынған көлік құралдарын электрондық саудадан алып беремін деп сылтауратып, тұрғындардың қаражаттарын ірі көлемде иемденіп, 400 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

 

&ndash Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ш.азамат күдікті деп танылды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар Ш. деген азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендерді мына мекенжайға жүгінуге шақырамыз: Алматы қ., Масанчи к-сі, 55 үй, Алматы қаласы ПД ТБ ОРППОП ішкі істер органдарының аға тергеушісі, полиция майоры И.Г.Литвиненко ж.т. 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, &ndash деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

 

 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.12.2020, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31