Қылмыс

Алматыда "Айшуақ Жантүгел" ҰҚТ мүшелері ұсталды - ҰҚК

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы "Айшуақ Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты қылмыстық істер мен құрықтау барысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"2020 жылғы 28-29 қарашада Алматыда "Айшуақ Жантүгел" ҰҚТ-ның жеті белсенді мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті. Бұл былтыр сәтті өткізілген операциялардың бірі. Дайындықты ҰҚК мен ІІМ бірлесіп жүргізді.

Қылмыстық топты әшкерелеу барысында оның ықпалы 2018 жылы Сарыбұлақ көліндегі заңсыз балық аулау саласында басталғаны анықталды", - деді ҰҚК өкілі.

 

 

ҰҚК мәліметі бойынша, ұсталған ҰҚТ мүшелері көтерме-бөлшек сауда базарларына, "Сайран" автовокзалы инфрақұрылымына және Алматыдағы басқа да нысандарға бақылау орнатып үлгерген.

 

"Анықталған қылмыс эпизодтары "Алатау", "Өжет", "Кенжехан" базарлары кәсіпкерлерінің, соның ішінде "Барахолка" базарында қорқытып-үркіту, қарақшылық, төбелес, адамдарды ұрлау және басқа да жалпы қылмыстармен байланысты. Сондай-ақ, ҰҚК және ІІМ қызметкерлері 2016 жылы қылмыстық билік Нұрбековтің өліміне топтың жекелеген мүшелерінің қатысы бар-жоғы туралы деректерді жинады", - делінген хабарламада.

 

 

ҰҚТ қатысушыларының тұрғылықты жерлерін тінту барысында төрт атыс қаруы мен оқ-дәрілері тәркіленді.

 

Адам өлтіру, қарақшылық шабуыл, бопсалау және озбырлық дерегі бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды.

 

Комитет мәліметі бойынша, ҰҚТ-ның қалған қатысушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр.

 

 

 




Көрілген: 4015    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31