Қылмыс

Алматыда жалған полицейлер тал түсте тұрғындарды тонап кетті

  • Фото: Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

    Фото: Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Оңтүстік астана көшелерінде екі ер адам өздерін полицей ретінде таныстырып, екі көшедегі жүргіншіні тонап кетті деп хабарлайды Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


"Қаскөйлер жұмысқа кетіп бара жатқан екі жігітті тоқтатып, өздерін полицей ретінде таныстырған. Жаңа ғана осы ауданда кісі тонау болғанын алға тартып, олар барлық күдіктіледі тексеріп жүргендерін мәлімдеген. Жігіттердің біреуі ойланбастан ұялы телефонын жалған полицейге ұстатқан. Ал олардан жеке куәліктерін көрсетуді талап еткенде, жалған полицейлер жәбірленушілердің ұялы телефондарын күшпен тартып алған", - деп хабарлады Алматы ПД-нің жол-патрульдік полиция полкінің полковнигі Манап Саттаров.


Жәбірленушілер бірден полицияға хабарласып, оқиға орнына бірнеше наряд жіберілген.


Тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер, күдіктілерді тұтқындаған. Жәбірленушілер жалған полицейлерді таныған.


Іс қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша тіркелді. Тұтқындалған азаматтар жұмыссыз екендері анықталды. Олар уақытша қамау абақтысына жеткізілді. 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 18:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30