Қылмыс

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылар шабуыл жасады (ВИДЕО)

  • Алматыда жанармай бекетіне қарақшылар шабуыл жасады (ВИДЕО)

    Алматыда жанармай бекетіне қарақшылар шабуыл жасады (ВИДЕО)

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ізін суытпай ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шабуыл бүгін 26 ақпанда таңғы сағат 04:00 шамасында жасалған.

Полицияның мәліметінше, қара бетперде таққан екі жігіт Жетісу ауданында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне кіріп, бірі бірден тапаншаны шығарып, кассир-операторға бағыттаған. Сөйтіп олар ақшаны алып, қылмыс орнынан жаяу қашып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш жігіт ұсталған.

Олар Түркістан облысының тумасы болып шыққан.

Қазір барлық күдікті қамауға алынған. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы органның дерегінше, күдіктілер мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ұсталғандар Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Олар кассадан 135 мың теңгені алып шыққан", - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы подполковник Асхат Дәулетияров. 

sn.kz




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.02.2021, 09:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30