Қылмыс

Алматыда қаскүнем жасөспірім қызды тонап кетті (видео)

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы қаласында жасөспірім қыз тоналды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қаскүнем қылмысты күндіз жасаған. Ол жеке үйдің қақпасын қаққанда есікті қолында ұялы телефоны бар жас қыз ашқан.

 

&ndash Қаскүнем алдымен баланың назарын аудару үшін сұрақтар қойып, содан кейін оның қолындағы ұялы телефонын тартып алған. Жасөспірім болған оқиға туралы анасына айтқан, бірақ олар қаскүнемді қуып жете алмағандықтан, полиция шақырған. Жергілікті учаскелік инспектор қылмыс болған жерге бірінші болып барып, күдіктінің сыртқы келбеті туралы ақпарат алып, аумақты шолуға кіріскен. Қаскүнем &ldquoДуман-2&rdquo ықшам ауданында ұсталды. Тартып алынған ұялы телефон оның қалтасында болды. Жедел-тергеу тобы заттай айғақты тәркіледі. Ұсталған адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, &ndash деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

 

 

Қыздың анасы учаскелік инспекторға кәсіби шеберлігі мен жедел әрекеттері үшін ризашылығын білдірді.

 

&ndash Біздің учаскелік полиция қызметкеріне үлкен рахмет. Ол қылмыскерді 10-15 минуттың ішінде ұстап алып, мүлкімізді қайтарып берді. Полицияға мың алғыс! &ndash деп түйіндеді жәбірленушінің анасы.

 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30