Қылмыс

Алматыда көпбалалы аналардың ақшасын қолды еткен әйел ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда көпбалалы аналарды алдап, ақшасын қолды еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 35 жастағы әйелдің мойнында 100-ге жуық қылмыстық эпизод тіркелген. Оның құйтырқы әрекеттерінен Шымкент, Тараз, Қызылорда, Алматының көпбалалы аналары жапа шекті.


«Бұл әйел көпбалалы аналарды атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеп беремін, құжаттарды тездетіп беремін деп, сеніміне кірген. Ол істі шешу үшін керек деп алдын ала төлем алып отырған. Бұл оқиға аналарға үлгі болып отыр. Мемлекеттік құжаттарды рәсімдеуде ешқандай «көмекшінің» көмегі керек жоқ. Бұл азаматшаның мемлекеттік органдармен ешқандай байланысы болмаған», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.


Күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар көрінеді. Балалары анасының қолында тәрбиеленіп жатыр. Бұған дейін де алаяқ келіншек осындай қылмыстық ісі үшін жауапкершілікке тартылған.


"Қазір ол уақытша оқшаулау орнында қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Осы азаматшаның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді полковник Тұрсынбетов.


 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 18:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30