Алматыда көшеде тұрған банкоматты тонап кетті
Алматыда Көктем-1 шағын ауданында банкоматты бұзып, ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Департаментте банкоматтың Есентай өзенінің жағалауына орнатылғандығы нақтыланды.
 "Ұрлық фактісі ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Залал сомасы есептеліп жатыр.