Қылмыс

Алматыда құрылысшылар төбелесі адам өлімімен аяқталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас құрылысшы әріптесіне бірнеше рет пышақ салған. Төбелестің салдарынан ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға 2021 жылы 5 маусымда сағат 20.20 шамасында болғанын хабарлады.

 

"Медеу ауданының Полиция басқармасына Құлжа трактінің бойындағы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде жалдамалы жұмысшылар арасындағы төбелес салдарынан ер адам есінен танғаны туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері 1984 жылы туған азамат Х. Вася есімді әріптесімен бірге жоғарыда айтылған мекен-жайда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтады.

Сол күні ер адамдар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде азамат Х. әріптесіне бірнеше рет жарақат салған, қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны атап өтілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды.

 

 

 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 15:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31