Қылмыс

Алматыда миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын сотталды

  • Алматыда миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын сотталды

    Алматыда миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын сотталды

Алматыда жалған ақша жасап, миллионға жуық жалған долларды сатпақ болған тұрғын 6 жылға сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті былтыр қыркүйекте жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтаған.

"Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Қалиев 293 мың АҚШ долларына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды", - делінген хабарламада. 
 

Тергеу мәліметтері бойынша, Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашаға дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген.

"Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан аса жалған доллар тәркіленді. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 19:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31