Қылмыс

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Өзегінің мүлкін ұрлау ісін ауш бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағы бірігіп 5 адамнан тұратын күдіктілер тобын ұстады. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.


Ұсталғандар 30 бен 38 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан. Олар Алматыға қылмыстық пиғылмен келгендері анықталған.


«Ұсталғандардың әрқайсысы бұған дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар Алматыға пәтерлер мен үйлерді тонау үшін келген. Өзге топтағылар сияқты бұларда да әр қайсының атқаратын өз қызметі болған. Қылмыскерлер иесі жоқ пәтерлерге кіріп, бағалы заттар мен ақшаларын жымқырып кетіп отырған. Оның қатарында алтын сағат, планшет, тіптен иіссуды да қағып кетіп отырған. Жедел-іздестіру шарасы барысында ұрылар біздің арнайы жасақтың арқасында ұсталды. Қазіргі уақытта олардың қаладағы 6 ұрлау оқиғасына қатысы бар екені дәлелденді. Ұсталғандардың барлығы Алматы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде» , - дейді Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.


 baq.kz




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31