Қылмыс

Алматыда үш айлық қызды зорлаған: Сұмдық оқиғаны қоғам белсендісі жайып салды

  • Алматыда үш айлық қызды зорлаған: Сұмдық оқиғаны қоғам белсендісі жайып салды

    Алматыда үш айлық қызды зорлаған: Сұмдық оқиғаны қоғам белсендісі жайып салды

Үш айлық баланың зорланғаны жөніндегі сұмдық оқиғаны Adil қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ЭК сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаның басы 2020 жылдың жаз айынан бастау алған. Ол кезде Оксана сәбиді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалған. Қыздың үлкен ағалары қарындастарын тамақтандыру үшін өткен жандардан садақа сұрап жүрген. 

 
"Біз Айнабұлақта қайырымдылықпен айналысып жүрген едік. Сол сәтте арбада отырған сәбиді көрдік, жанында ағалары жүрді. Олар қарындастарын тамақтандыру үшін ақша жинап жүргендерін айтты. Көршілерінің айтуынша, сәби қатарынан үш күн дұрыс тамақтанбаған", – деді Оксана.

Әйел әбден ашығып арықтаған сәбидің жағдайы өте нашар екенін айтты. Оның шаршағаны соншалық, өздігімен сүт құйылған бөтелкені ұстай алмаған.

"Сәбидің ағалары ол кезде 9 бен 12 жаста болған. Балалардың білімі жайлы айтпақ түгіл, олардың мектеп табалдырығын аттамағанына біраз болған. Мен оларды орталыққа алып кеттім, дәрігер шақыртып жағдайын тексерттім. Кейін олардың аналарымен сөйлесіп, оларға балаларының қайда екенін айттым, бірақ кейіндеу алып кете алатынын ескерттім", – деп атап өтті Оксана.

Белгілі болғандай, үш айлық қыздың туа біткен жүрек ауруы бар болып шықты. Оған үнемі дем жетпей, түрі бозарып кететін деді ол.

"Біз сәбиді жекеменшік клиникаға алып бардық. Онда оған операция жасалды, біз 4 ай бойы аурухана қабырғасында өмір сүрдік десек болады. Сәбиді қолымызға табыстап палатаға әкеліп жергөгін ауыстырайын деп бастағанда, нәресте қатты айқайлап жылай бастады. Операцияның алдында мен оның зорланғанын білдім. Оның жыныс мүшелерінің формасы табиғи күйде емес еді және біз алғашында оны геморрой деп ойладық. Бірақ кейіннен сәбимен біреудің жыныстық қатынасқа түскені анықталды", – дейді Оксана.

Кішкентай сәбиге шектен шыққан зорлық-зомбылықты анасымен бірге тұратын азамат көрсетуі мүмкін деп ойлайды Оксана.

"Сәбидің анасы еркін өмір сүргенді ұнатады. Мысалы үшін, ол көлікте танысқан адаммен бірге апталап жоғалып кете алады. Ал балалар өз өздерімен қала береді. Біз сәбиге озбырлық жасаған анасымен бірге тұратын азамат екеніне сенімдіміз. Мен зорлау фактісі бойынша полицияға жүгіндім, бірақ олар менен қызға кім болып келетінімді сұрады. Ал құжат бойынша мен сәбиге ешкім емеспін", – дейді Оксана.

Оксана осыдан кейін полиция бөліміне сәбидің анасын алып келген. Алайда ол өз сүйгеніне қарсы арыз жазбайтынын жеткізген.

"Мас кезінде есін білмей жаңылып қалған шығар, кімде болмайды ондай жағдай. Мен оны сүйемін ғой, қалай арыз жазамын?!", – деген қыздың анасы.

Оксана қызды анасына да қорғау ұйымдарына бермейтінін айтады. Әйел егер бала отбасына қайтарылса, онда анасының серіктесі арам ойын қайталайтынына сенімді. Қазіргі уақытта қамқоршылық органдары сәбиді әлеуметтік белсендіден алып қоюдың түрлі жолдарын қарастыруда. Алайда Оксана енді қызды ешкімге бермейтінін табанды түрде айтады.

"Мен осы уақытқа дейін сәбиді анасына екі рет қайтарып бердім. Ол оны өзімен бірге қайыр сұрауға алып шығады. Нәрестеде пневмония қалыптасқан, оның ауру жүрегімен суықта көп жүруге болмайды. Ештеңе өзгермейді екен, мен сәбиді өзіме қайтарып алдым, енді ешкімге бермеймін", – деді ол.

Ол сонымен қатар 9 қыркүйек күні сот болғанын қосып өтті. Судья қыздың анасы өзіне және балаларына лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуі керек деп шешім шығарған.

"Анасы осылардың барлығын орындап дәлелдеген соң балалары кәмелетке толмағандарға арналған орталықтан қайтарылып беріледі және соттың шешімімен маған қызын алып кетуі үшін келеді. Алайда мен бермеймін. Енді мен анасын ата-аналық құқығынан айырып, сәбиді асырап алғым келеді. Алайда ата-анасы болғандықтан заң бойынша мен олай жасай алмаймын. Біз оны құқығынан айырамыз. Қыз менімен қалады. Әзірге мемлекет тарапынан ешқандай жауап жоқ. Менің баланы асырауға толықтай мүмкіндігім бар, неге барлығы мұны көздеріне ілмейді?", – деп түйіндеді Оксана.




Көрілген: 898    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 02:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31