Қылмыс

Алматыдағы атыс: ІІМ басшысы операция кезінде қару неге қолданылмағанын айтты

  • Видеодан алынған кадр. Telegram / Qumash

    Видеодан алынған кадр. Telegram / Qumash

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" ТК-де арнайы операция кезінде полиция неге қару қолданбағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ішкі істер министрі редакция журналисімен сұхбат барысында арнайы операция бес сағатқа созылғанын, осы уақытта мергендер кез келген жағдайға дайын болғанын айтты.

 

"Қаруды бірден қолдануға болар еді, бірақ ол пәтеріне тығылып қалды. Мақсатымыз көзін жою емес, қылмыстық істі түсіну болды. Өзі берілуі үшін бірнеше рет келіссөз жүргізілді, бірақ ол басқа жолды таңдап, өзін-өзі өлтірді.

Полиция әскери қаруды мүлдем қолданбады. Есікті арнайы жарылғыш құрылғымен жаруға болар еді, бірақ пәтерлер тығыз орналасқан, ғимарат сырты әйнекпен қапталған. Үйдің сырты жарылыс толқынынан құлауы мүмкін, ал бұл көшедегі барлық адамға қауіп төндіреді. Сондықтан тәуекелге бармай, осындай тәсілді таңдадық", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

 

Еске салайық, 24 сәуірде түстен кейін Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде тұрғындардың бірі мен күзетші арасында жанжал шығып, салдарынан күзетші мылтықтан жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді.

 

Кейінірек атыс шығарған ер адам 17-қабаттағы пәтеріне тығылып қалды. Оқиға орнына полиция келіп, аумақты қоршады. Тұрғын үй кешенінен ара-тұра атылған оқтың дыбыстары естілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қарулы адам сөйлесуден бас тартып, баспалдақ жаққа 10-нан аса оқ атқан.

 

 

 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 18:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30