Қылмыс

Алматылық әйел 6 жыл қызмет еткен үйге қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

  • CC0

    CC0

Алматыда қызметші әйел үй иесі – зейнеткердің байлығы туралы біліп, тонаушылық ұйымдастырды. Қарт әйел үйде жалғыз қалғанда, оны ұрып-соғып, 800 мың теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды inAlmaty.kz.


Қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралды. Әжей 2011 жылы қызметші әйелді жұмысқа алыпты. Алты жылдан соң зейнеткер оған ескі кір жуғыш машинаны сыйға тартпақ болады. Сыйлықты алуға қызметші әйелдің күйеуі келеді. Сол кезде ерлі-зайыпты қылмыс жасауға бел буған.


Тағы оқыңыз: Алматыда "Әлиев" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды


2018 жылдың қаңтарында қызметші әйелдің күйеуі сотталған адаммен ойындағысын бөліседі. Ол тонаушылыққа қатысуға келісе кетіпті.


Жәбірленуші пәтерде жалғыз өзі қалғанда, қызметші әйел, оның күйеуі және екі сыбайласы пәтерге басып кіреді. Сотталған ер адам тапанша алып шығып, әжейді соққыға жыққан. Ол сейфтің кілтін талап етсе де, зейнеткер бермей қояды. Сол кезде қылмыскер әжейдің мойнындағы алтын алқа мен үйдегі барлық қымбат затты тонап кеткен.


Сонымен, ер адам жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіріп, сондай-ақ материалдық шығын 795 мың теңге болды. Сот үкімімен сотталушы айыпты деп танылып, сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.


Sputnik




 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 09:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31