Қылмыс

"Арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты": Алматыда "Айка-мажор" ұсталды

  • "Арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты": Алматыда "Айка-мажор" ұсталды

Әйел 2020 жылдың қыркүйегінде мейрамханалардың бірінде бұзақылық жасады деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды  

Алматыда "Айка-мажор" деген атпен танымал Әйгерім Бақытжанқызы әйелге пышақ жарақатын салды деген күдікпен ұсталды.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Facebook парақшасында әйелдің тергеу изоляторында отырғанын хабарлады. Ол бірнеше рет бұзақылық жасады, зорлық-зомбылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды деген күдікке ілінген.

"1988 жылы туған "Айка-мажор" департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасау (Бұзақылық) бойынша айып тағылды. Ол ұсталып, Алматыда уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Әбдірахманов.

Оның мәлімдеуінше, істің мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Аталған бап бойынша үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Алматыда пышақтау фактісіне қатысты қаладағы мекемелердің бірінде тергеу жүргізілді. Ол оқиғаға"Айка-мажордың" қатысы болуы мүмкін екені хабарланды.  

"Біз отырған жерде дәл сол "Айканы" көрдім. Ол шақырылмаған болатын. Содан кейін менің назарымды өзіне аудартуға тырысты, әртүрлі сұрақтар қойды. Мені мазаламауын өтіндім, бірнеше секундтан кейін арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты", - деді жарақат алған алматылық қыздардың бірі.

Алматылық бұл оқиғаны әлеуметтік желіде жазды, қылмысты жасаған "Айка-мажор" екенін айтты. Содан кейін полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

sputnik.kz




Көрілген: 931    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30