Қылмыс

"Астана" спорт клубының басшысы Нұр-Сұлтанда қамауға алынды

  • © AFP 2019 / Sandor Gemes

    © AFP 2019 / Sandor Gemes

"Астана" кәсіпқой спорт клубының директоры Аманбек Құлшықов пен "Астана PRO TEAM" басшысы Ләззат Шәмшиева қамауға алынды. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" қорының спортты дамытып, Қазақстанның беделін көтеруге бөлген қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

 

Сергей Перовтың айтуынша, Құлшықов "Астана PRO TEAM" басшысы Ләззат Шәмшиевамен және "Astana Motorsport" Артур Ардавичуспен сөз байласып, қылмыстық әрекет жасаған.

 

Ардавивиус әлі халықаралық іздеуде жүр. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.

 

"Бүгінгі таңда Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторында отыр. Сот оларға қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Сергей Перов.

 

Іс бойынша күдіктілердің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы қымбат мүлкі, соның ішінде көліктер, қымбат пәтерлер, жер учаскелері табылып, тәркіленді. Басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, тергеу жалғасуда.

 




Көрілген: 174    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31