Астанада ер адам енесін пышақтап, баланы терезеден лақтырып, 7-қабаттан секіріп кетті

07 ақпан 2023, 14:09

Марқұмның көршілерінің айтуынша, оны мұндай сұмдық қадамға құмар ойындар итермелеген. Себебі ер адамда миллиондаған қарыз жиналып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 5 ақпанда болған.

 

5 ақпанда 102 телефонына ұрыс болып жатқаны туралы қоңырау түсті. Полиция оқиға орнына келген кезде екі ересек пен баланың мәйітін тапты. Қазір "кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — дейді полицейлер.

 

Сонымен қатар әлеуметтік желіде марқұм болған ер адам әйеліне де пышақ ала жүгірген деген ақпарат тарап жатыр. Алайда әйел көршілеріне қашып үлгерген көрінеді.