Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің үш қызметкері қамауға алынды

Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің үш қызметкері қамауға алынды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Олар азаптау бабы бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі таратты.

 

"2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Аманов Е.И., Әбдуғали Х.С., Сартаев Қ.Б.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".

 

Астана қаласы сотының баспасөз қызметі

 

Бұған дейін белгілі болғандай, ҰҚК-нің үш қызметкері: Еркін Аманов, Хамит Әбдуғали, Қайрат Сартайдың үстінен (Шекара қызметі) қамаудағы адамдардың туыстарынан шағым түскен. Олардың сөзінше, ҰҚК қызметкерлері "қажет" жауапты алу үшін елордадағы уақытша ұстау изоляторларының бірінде тұтқындарды азаптаған. Ұсталғандардың бірінің туысының айтуынша, Семейде құрамында алтын бар кен ұрлады деген күдікпен туысқаны 2021 жылдың наурыз айында ұсталған. Әйелдің сөзінше, туысын елордадағы уақытша ұстау изоляторындағы ҰҚК-нің "арнайы жертөлесінде" бірнеше ай бойы азаптаған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста