Қылмыс

Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталуда

  • Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталуда

    Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталуда

ҚР ІІМ адам мүшелерін заңсыз алу күдігіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Ол үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.


«Тергеу барысында трансплантолог Ғ. М. Құттымұратовтың органдарды заңсыз трансплантациялауға қатысы бар екені анықталды. Биылғы мамыр айында дәрігер қылмысқа күдікті ретінде ұсталды, оның істері бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 116-бабы, 3-бөлігінде (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, екі және одан да көп адамға қатысты) және 264-баптың 2-бөлігінде (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) жаза көзделген», - делінген хабарламада.


Тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.


ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мүддесі үшін алдын ала тергеудің барысы мен нәтижесі жарияланбайды.


 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 21:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30