Қылмыс

Атырауда ер адамды атып өлтірді деген күдікті ұсталды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырауда ер адамды атып өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Баймұқанов көшесіндегі үйлердің бірінің алдында 32 жастағы ер адамды өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды. ҚР ҚПК 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат берілмейді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, Атырауда полиция адамға оқ атқан Мақат ауданының екі тұрғынын іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік.


Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына біреу бытырамен оқ атып, жарақаттаған.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, атыс кезінде жараланған Мақат ауданының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам қайтыс болған.


 




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31