Қылмыс

Атырауда жесір әйелді балтамен ұрған күдіктіге жақтасқан полицейлер жұмыстан қуылды

  • Атырауда жесір әйелді балтамен ұрған күдіктіге жақтасқан полицейлер жұмыстан қуылды

    Атырауда жесір әйелді балтамен ұрған күдіктіге жақтасқан полицейлер жұмыстан қуылды

Дәрігерлер басына балта тиген келіншектің қазіргі жағдайы жақсы дейді және ол күрделі ота жасауды қажет етпейді

Атырауда жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, өзі асылып өлген күдіктіге жақтасқан жеті полицей жұмыстан қуылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазіргі кезде қызметіне салғырт қараған сақшыларды өз әріптестері тергеп жатыр.

Алайда жәбірленушінің әпкесі қанды қылмыстың алдын алуға асықпаған полиция департаментін түгел тексеруді талап етіп, ішкі істер министріне шағымдануды көздеп отыр.

Учаскелік полицейге мән-жайды баяндадым деген жәбірленуші әпкесінің айтуынша, жағдай ушығып жатқан соң қайта хабарласқанда телефон тұтқасын көтерген полицей қатқыл дауыспен: "Қазір барады ғой, ұшамыз ба енді?!" деп жауап берген көрінеді.

"Олар дер кезінде келгенде, қан төгілмес еді. Тәртіп сақшылары сіңлімнің осыған дейін жазған арыз-шағымына да құлақ аспаған. Ішкі істер министрінен өтініп сұраймын, барлығын өз бақылауына алса деймін", – дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Дәрігерлер басына балта тиген келіншектің қазіргі жағдайы жақсы екенін айтуда. Күрделі ота жасауды қажет етпейді. Ал анасын балталап жатқанын көзімен көрген бүлдіршіндер әлі де психологтардың бақылауында.

Айта кетейік, өткен аптада махаббатқа мас болған күдікті жесір келіншекті басынан балтамен ұрып, кейін өзі асылып қалған. Ол жәбірленушінің қыр-соңынан қалмай бірнеше ай бойы зәбір көрсеткен.

Әбден қорқып қалған әйел полицияға бірнеше мәрте шағымданыпты. Бірақ тәртіп сақшылары оның арызын қабылдамай, күдіктіге еш шағымым жоқ деп қолхат жазуға мәжбүрлеген.

sputnik.kz




Көрілген: 2573    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 08:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30