Қылмыс

Атыраудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің шашынан сүйреген

  • Атыраудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің шашынан сүйреген

    Атыраудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің шашынан сүйреген

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы "Балдырған" балабақшасында орын алған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата -ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мектепке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

"Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз", - деді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлжансара Таңатарова.

"Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 140 бабы, яғни кәмілетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді  орындамауы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 08:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31