Қылмыс

Аяқ-қолын пешке өртеп, денесін сарайына көміп тастаған

  • https://kuzbass.aif.ru/

    https://kuzbass.aif.ru/

Ақмола облысының полициясы осы жылдың ақпан айында жасалған қатыгез кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұланды ауданының тұрғыны 57 жастағы танысын өлтіріп, денесін бөлшектеген деген күдікке ілінді.

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушінің туыстары полицияға 25 наурызда жүгінген. Оған дейін олар жоғалған адамды бір ай бойы өздері іздеген.

 

Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ақпан айында Нұр-Сұлтанға жұмысқа кеткен және байланысқа шықпаған.

 

9 тамызда полицияда тұрғынның жоғалып кетуіне 34 жастағы азаматтың қатысы болуы мүмкін деп күдік пайда болды.

 

"Егжей-тегжейлі жағдайды анықтау барысында 2020 жылдың ақпан айында спирттік ішімдікті бірлесіп ішу барысында ауызша жанжалдан кейін күдікті 57 жастағы ер адамды өлтіргені анықталды. Жасалған қылмысты жасыру үшін аяқ-қолын пешке өртеп, денесін сарайына көміп тастаған", - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

 

Оныншы тамызда қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі - "кісі өлтіру" деп қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Ол сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 23:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31