Қылмыс

Аяушылық танытам деп алаяққа алданды

  • https://www.kaspersky.ru/

    https://www.kaspersky.ru/

Түркістанда полицейлер бірнеше рет сотты болған қызылордалық азаматты бейнебақылау камераларының жазбасы арқылы ұстады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам үйінен ұялы телефоны мен құжаттарын алдап, ұрлап кеткені туралы арызданған.

 

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ олардың сеніміне кіріп, қиын жағдайға тап болдым деген сылтаумен ақша сұраған. Содан кейін олардың байқамай тұрған сәтін пайдаланып, күдікті &ldquoSamsung&rdquo маркалы ұялы телефоны мен оның құжаттарын ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 120 мың теңгеден астам.

 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

 

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан ҚПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды, көшелер мен үйлерді аралап шықты, бейнебақылау камераларын тексерді, куәгерлер мен көршілерден жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ күдіктіні тіркеген бейнекамералар бойынша учаскелік инспектор бірнеше сағат ішінде оның ізіне түсіп, алаяқты ұстады. 

 

Анықталғандай күдікті бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғыны.

 

Тергеу барысында күдіктінің Түркістан, Шымкент қалаларында және Қызылорда облысында жасалған алаяқтық пен бөтен мүлікті ұрлаудың алты жайтына қатысы бар екені анықталды.

 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер азамат қамауда. Айғақты зат ретінде алынған телефон мен құжаттар заңды иелеріне қайтарылды.

 

Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға аса сенімсіздік танытпауға кеңес береді.

 

Егер сіз ұрлықтың немесе алаяқтықтың құрбаны, не болмаса куәгері болсаңыз, дереу полицияның &ldquo102&rdquo телефонына хабарласыңыз.

 

 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.12.2020, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31