Қылмыс

Бала жетектеген апалы-сіңлілі екі әйел қымбат бутиктерді тонаған (видео)

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы облысында балаларын жетектеген апалы-сіңлілі екі әйел қымбат бутиктер мен дүкендерді тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Балқаш қаласынан Алматы облысына “қылмыстық гастролге” келген екі әйел бутиктер мен дүкендердегі бірқатар ұрлықтар жасады деген күдікпен ұсталды.

«Тергеу барысында күдіктілердің Балқаш қаласынан келгені, қолдарына жас балалар ұстаған екі әйелдің апалы-сіңлілі туыс екені анықталды. Оларға бір күн ішінде тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаудың бес дерегін жасады деген айып тағылды»,- деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

9 ақпанда Қарасай ауданының сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 және 33 жастағы екі әйел ұсталды. Күдікке ілінген әйелдердің 1 жастан асқан және 7 жастағы бүлдіршіндері бар. Жеке басын тексеру кезінде туыстардан әйелдер мен балалардың ұрланған жаңа киімдері табылып, олардың кешен аумағындағы дүкендердің бірінен жымқырылғаны анықталды.

 

Сонымен қатар, бейнебақылау жазбаларының көмегімен бұлтартпас айғақтар арқасында күдіктілер бұдан өзге тағы төрт бутик және дүкенде орын алған ұрлықтарын мойындады. Үптеп кеткен заттарын қайда жасырғанын көрсеткен.

 

«Олар бір күн ішінде жалпы сомасы 350 000 теңгеден асатын соманың тауарларын ұрлаған. Оның ішінде майка, футболка, пальто, джинсы, легинсы және өзге де киімдер бар.

Ұрланған мүлік қажетті тергеу әрекеттерінен соң заңды иелеріне қайтарылды.

 

Өзгенің мүлкін ұрлаудың бес дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің қылмыстық тәжірибесі бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы бутиктерден заттарды ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс сотқа жетпей, қысқартылған. Күдіктілердің кәмілетке толмаған жас балаларының бар екені ескеріліп, олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 1127    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30