Қылмыс

Балқашта күдіктіні ұрып-соғып, азаптаған 4 полицей сотталды

  • pixabay.com

    pixabay.com

Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында полиция бөлімінің төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұрынғы тәртіп сақшыларына ұсталған адамның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Төрт полицейге күдіктінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айып тағылды.

 

Балқаштың 44 жастағы тұрғыны педофилия күдігімен ұсталған. Тергеу материалдары бойынша 2019 жылғы 30 қазанда полиция бөлімінің ғимаратында болған төрт полицей айыпталушыдан оның қылмыс жасағанын мойындату мақсатында ерекше қатыгездікпен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні газтұтқыш пен таяқшаны пайдалана отырып, азаптағаны және тұншықтырғаны белгілі болды. Дене жарақатын алған соң жәбірленуші шұғыл түрде Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізіліп, онда оған ота жасалды.

 

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамасымен, сараптама қорытындысымен және басқа да айғақтармен дәлелденді.

 

Прокурор сотталушыларды кінәлі деп тануды және оларды 10, 9 және 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алайда, қорғаушы тарап сотталушыларды олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

 

«Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, сотталушылардың қоғам үшін жоғары қауіптілігін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың болуын, жәбірленушінің қатаң жаза тағайындау туралы пікірін, сондай-ақ сотталушылардың қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, сот сотталушыларды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 10 және 9 жылдан бас бостандығынан айыруды тағайындады. Сонымен қатар, сот сотталушыларды арнайы атақтардан айырды. Екі сотталушыға басқаларына қарағанда қатаң жаза тағайындауы олардың жәбірленушіге физикалық азап келтірудегі белсенді рөліне байланысты болды», - деп хабарлады Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі.

 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 17:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31