Қылмыс

БҚО-да екі жігіт жолай өтіп бара жатқан әйелді орманға апарып зорлаған

  • Көрнекі фото.  https://www.1obl.ru/

    Көрнекі фото. https://www.1obl.ru/

Батыс Қазақстан облысында әйел зорлады деген күдікпен екі азамат ұсталды.

 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, оқиға Оралда саяжайлардың бірінің маңындағы орманда болған.

 

Кешкі уақытта Л. есімді 1989 жылғы әйел сол тұстан өтіп бара жатқан кезде арақ ішіп отырған екі тұрғынның бірі оны байқап қалған. Содан кейін оны қуып жетіп, тамағынан ұстап, орманға кіргізіп, зорлаған. Сосын күш көрсетіп, арақ ішкізген. Егер полицияға шағымданатын болса, кек аламыз деп қорқытқан.

 

Зорлықшылардан қашып құтылған әйел үйіне барғаннан кейін түнгі сағат 01.00-ге таман полицияға жүгінген. Жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, қарағаннан кейін үш сағат өткен соң күдіктілер қалада қолға түсті. Олар көпқабатты үйдің ауласында арақ ішуін жалғастырған.

 

«Қазіргі кезде тергеу изоляторында отырған Бөрлі ауданының 1988 жылғы И. және Орал қаласының 1975 жылғы Ы. деген тұрғынына қатысты ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (зорлау) тергеу амалдары жүргізілуде. Екеуі де бұрын ұрлық жасап, кісі тонағаны үшін сотталған», – деді Б.Белгібеков.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 1220    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 19:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31