Қылмыс

БҚО-да төрт күн бұрын жоғалған қыз өлі күйінде табылды

  • Анастасия Черная. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

    Анастасия Черная. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысының полицейлері 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бойжеткеннің денесі Ветелки ауылының маңындағы орман алқабынан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Полицияның мәліметінше, аса ауыр қылмысты ашуға бір тәуліктен аз уақыт кеткен.

 

"16 қыркүйек күні құқыққорғау органдарының қызметкерлері Оралдың 27 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Ол адам өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Марқұм осыған дейін іздеу салынған Анастасия Черная болып шықты. Ол 13 қыркүйек үйінен шығып, қайта оралмаған. Содан бері телефоны сөндірулі.

 

15 қыркүйек күні Оралдан 15 шақырым жердегі орман алқабынан жас қыздың денесі табылды.

 

Анастасияның анасы Светлана Лобанованың сөзінше, полиция оған мәйіттің тұлғасы анықталғанын хабарлаған.

 

"Полиция менің қызымды саусақ іздері арқылы танығанын айтты. Ол басынан жарақат алған, денесін өртемек болған", - дейді Светлана Лобанова.

 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 14 жастағы мектеп оқушысы іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Зоя Яркова Алатау ауданындағы мектептен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған.

 

Анасының айтуынша, Зояның жоғалуына оның жаңа танысы себепкер болуы мүмкін.

 

 

 




Көрілген: 1173    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 19:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31