Қылмыс

Блокбекеттегі ажал: қайтыс болғандардың туыстары үкіммен келіспейді

  • Блокбекеттегі ажал: қайтыс болғандардың туыстары үкіммен келіспейді

    Блокбекеттегі ажал: қайтыс болғандардың туыстары үкіммен келіспейді

Алматыда 25 мамыр күні 4-блокбекетте жантүршігерлік жол-көлік апатын жасап, екі полиция инспекторын мерт қылған Азат Азаматовқа қатысты сот үкімі шықты. Кінәсін толық мойындаған экс-полицей 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда қаза болған тәртіп сақшыларының жақындары бұл үкіммен келіспейтіндерін айтады. Абақтыға қамалған Азаттың азабы мұнымен таусылмайтын сияқты. Апат салдарынан болған моральдық-материалдық өтемақы, мемлекетке келтірген залалды қоса есептегенде өндірілетін ақшаның жалпы көлемі 50 млн теңгеден асады.

Арақ ішкен азапқа ұшырайды. Бірақ 25 мамыр күні ішімдікке сылқия тойып, көлік жүргізген бұрынғы тәртіп сақшысы Азат Азаматов 4-блок бекетте кезекшілік атқарған әріптестерін мерт қылады. Азат тізгіндеген көлік бетон тосқауылды бұзып, қиылыста тұрған полиция көлігін жапырады. Соның салдарынан көлікте отырған 40 жастағы полиция қызметкері Жалғас Жанғазиев сол сәтте жан тапсырса, 26 жастағы Дастан Әбдіқанов ауруханаға жетпей қайтыс болды. Тағы бір тәртіп сақшысы Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде ұзақ жатқан соң емделіп шығады.

Сот отырысы қыркүйекте басталған еді. Қылмыстық жазаға тартылып, бірнеше айып тағылған Азат Талғатұлы өз кінәсін толық мойындады. Бұған дейінгі процестерге қатысып келген Азат бүгін соттың үкімін абақтыда отырып, онлайн тыңдады.

Мәди Көшікбаев, Қарасай аудандық сотының судьясы: - Сотталушы бұл жерде 345 - 1 бабыныңы 4-бөлігіне сәйкес жаза 7 жылдан 10 жылға деп көрсетілген. Қылмыстың сипатын, келген зақым мен зардаптарды ескеріп, ауырлататын мән-жайдың барын ескеріп сот ең жоғарғы жаза 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап отыр. Сонымен қатар сотталушы осы бапқа сәйкес өмір бойы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.

Десе де апаттан қаза болған полиция инспекторларының жақындары Азаматовты 10 жылға қамау аздық ететінін айтты. Екі инспектордың артында 4 бала қалған. Бұған қоса сотта марқұмдардың әйелдері қылмыскерден кәмелетке жасы толмаған балаларының асыраушыларының қайтыс болуына байланысты бірі 15 млн, екіншісі 30 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіріп беруді сұрады. Сонымен бірге сот қаза болған Жалғас Жанғазиевтің жесіріне 1 млн, ал Дастан Әбдіқановтың жақындарына 5 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өндірту туралы талап арызды толық қанағаттандырып, айыпталушыдан мәжбүрлі түрде өндіру туралы үкім кесті.

Жанатгүл Әбирова, жол апатынан қаза болған полиция инспекторы Д.Әбдіқановтың анасы: - Өзінің шеңберінде атқарып шықты сот. Ары қаратасын тағы көреміз. Өйткені біз бұнымен барлық нәрсе бітіп кетті деп айтпаймыз. Біздің үлкен қасірет-қайғымыз тұр.

Егер сот үкімімен келіспеген жағдайда жәбірленуші немесе айыпталушы тарап 15 тәулік ішінде Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына аппеляциялық шағым айта алады. Ал 10 жылға сотталған Азат Азаматовтың ісі абайсызда жасалған қылмыс санатына жатқызылғандықтан жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтейді.

24.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30