Қылмыс

Бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев сотталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сот Руслан Еңсебаевты ҚР Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баптың негізінде қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде 4 жыл жазасын өтеу жөнінде үкімін шығарды. Сонымен қатар сот кәніліні мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкі мен оның ведомстволарында, Қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойғы құқығынан айырады. Аталған сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, кінәлі дереу қамауға алынсын», - деп сот үкімімен таныстырды Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

 

Сондай-ақ, сот шешімімен бұрынғы вице-министрдің атына қойылған кепілдеме қайтарылды.

 

«Жазаны орындау үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 23 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу кезінде 1,5 күн үшін 1 күн есебімен қамауда ұстау уақыты есептелсін», - дейді ол.

 

 

 

 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 17:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31