Қылмыс

Дмитрий Баландин көлігінің айнасын кім ұрлағаны анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлік айнасын ұрлаған адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


«Қалалық Криминалды полиция басқармасы кешенді тергеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сыртқы бейнебақылау камераларындағы видео алынып, ұрлық жасаған адамның жеке тұлғасы анықталды», - деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Сондай-ақ, ұрланған затты сатып алған саудагерлер анықталуда. Криминалды полицияның хабарлауынша, қылмыскер тура сол күні «Рэндж Ровер» көлігінің де айнасын шешіп кеткен.


Айта кетсек, Алматыда биыл ұрлық қылмысының көрсеткіші жылдағымен салыстырғанда 2,4 есе азайған. Осындай ұрлықтардың басым көпшілігі ізі суымай ашылды. Жыл басынан бері 30 адам ұсталып, 3 қылмыстық топ әшкереленді.


Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлау фактісі турал айтқан болатын.


 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31