Қылмыс

Екі ер адам зорламақ болған: Ұлттық ұлан сарбазы көшеде зорлыққа түскен қызды құтқарып қалды

  • Екі ер адам зорламақ болған: Ұлттық ұлан сарбазы көшеде зорлыққа түскен қызды құтқарып қалды

    Екі ер адам зорламақ болған: Ұлттық ұлан сарбазы көшеде зорлыққа түскен қызды құтқарып қалды

Шымкент тұрғыны қызды зорлаудан құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 ақпанда  Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің сарбазы қызды зорлықтан құтқарып қадлды. Ұлттық ұланның хабарлауынша, Артем Калашников қыздың көмек сұраған дауысын естіген. Ұзақ уақыт ойланбастан әскери қызметкер қыздың дауысы шыққан жерге жүгіреді. Онда қызды зорламақ болған екі ер адамға тап болды.

 
Артём ерлердің бірін ұрып жіберді де, бірден екінші шабуылдаушыға қарай ұмтылды. Олардың арасында төбелес басталып кетті. Сарбаз қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, қаскүнемдердің бірін бұрап ұстады, ал екінші күдікті қашып үлгерді.

Ұсталғаннан кейін оқиға орнына полиция шақырылды. Күдікті Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Қыздың дауысын естіген бойда мен ол жерге дереу бардым. Менің орнымда бәрі осылай жасар еді деп ойлаймын», - деді Калашников.

Күдіктілерді ұстау кезінде сарбаз қолын жарақаттады, соған қарамастан полиция келгенге дейін күдіктіні ұстап тұрған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, екінші күдіктіге ұстау жоспары жарияланды.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 01:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30